Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

      Жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың Ақмола қаласына көшiрiлуiне байланысты, ресми шараларды жүргiзудi, сондай-ақ келетiн делегациялар мен жекелеген адамдарды орналастыруды, жоғары деңгейде қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығымен "Ақмола қаласындағы мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады деп айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның қызметi мына бағыттарда жүргiзiледi деп белгiленсiн:
      ресми шараларды жүргiзудi, сондай-ақ келетiн делегациялар мен жекелеген адамдарды орналастыруды, жоғары деңгейде қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
      жоғары және орталық мемлекеттiк органдарға, заңды тұлғалар мен азаматтарға, соның iшiнде шетелдiктерге қызмет көрсету.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және тiркеуден өткiзсiн, жарғылық қорын қалыптастырсын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне белгiленген тәртiппен толықтыру енгiзу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.