Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлемдi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 P971733_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      осы қаулымен бекiтiлген мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлеудi жүзеге асырудың тәртiбiнде:
      10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "000015" деген сан "015" деген санмен ауыстырылсын;
      23-тармақтың бесiншi абзацындағы "000010" деген сан "010" деген санмен ауыстырылсын;
      29-тармақтағы:
      бесiншi абзацтағы "қорлар" деген сөз "жарналар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жеке адамдардың тiзiмiмен қоса электрондық төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады.
      Елуден астам қызметкерлерi бар заңды тұлға банкке жоғарыда көрсетiлген форматта, электрондық таратушыдағы жеке адамдардың тiзiмiмен қоса, төлем тапсырыстарын ұсынады (байланыс желiлерi бойынша не магниттi таратушыларда). Екiншi деңгейдегi банктерге деректердi өңдеу жөнiнде және/немесе мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiнде клиенттерге ұсынылатын қызметтер үшiн банктiң iс жүзiндегi шығындарынан аспайтын мөлшерде ақы алу ұсынылсын". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.