"Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi
агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8
P980008_
қаулысына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636
P971636_
қаулысына мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге:
"Миссиясы" деген кiрiспедегi "көшi-қон" деген сөз алынып
тасталсын;
5-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон
және демография жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық есептерi мен
ақпараттарының деректерi бойынша еңбек көшi-қоны процесiне талдау,
болжау және реттеу жүргiзу";
7-тармақта:
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"еңбек көшi-қоны саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын
әзiрлеуге қатысу";
он алтыншы абзац алынып тасталсын;
он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтардағы "көшi-қон" деген сөз
алынып тасталсын;
8-тармақтың үшiншi абзацындағы "көшi-қон" деген сөз алынып
тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi