Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы
N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551
P971551_
қаулысына:
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөнiндегi агенттiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi комитетi" деген жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдардан
кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
комитетi";
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасына:
"Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi"
деген жолдағы "525" деген сан "503" деген санмен ауыстырылсын;
"Энергетика, индустрия және саудаминi" деген жолдағы "235" деген
сан "257" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан
Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң
Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын
құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12
қарашадағы N 1552
P971552_
қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы
ережеге:
7-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"стандарттау саласында стратегиялық жоспарлау жасау,
"Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асыру үшiн қажеттi әлемдiк
деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасауды үйлестiру және олардың
енгiзiлуiн және қолданылуын бақылау";
8-тармақтың он сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан-2030" Стратегиясын iске асыру үшiн қажеттi әлемдiк
деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасау тапсырмаларын
қалыптастырады, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың
оларды енгiзуiн және қолдануын бақылайды";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
құрылымына:
"Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет
(заңды тұлға құқығында) деген жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642
P971642_
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 470-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге:
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"стандарттау, метрология және сертификаттау саласында
мемлекеттiк саясат жүргiзу";
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ заңды
және жеке тұлғалардың әлеуметтiк - экономикалық және техникалық
ақпаратты халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау,
сертификаттау және өлшем, жiктеу және кодтау бiрлiгi, өнiмдердi
штрихпен кодтау және каталогтау жұмысын үйлестiредi, ұйымдастыру және
әдiстемелiк басшылық жүргiзедi, мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын
жүргiзудi қамтамасыз етедi";
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет
(заңды тұлға құқығында)".
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне,
"Қазақстан-2030" Стратегиясында көзделген стандарттауға, метрологияға
және сертификаттауға қойылатын талаптар ескерiлген Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы
ереженi ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi