Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N
3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551
P971551_
қаулысында:
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген
жолдағы "210" деген сан "211" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 3 қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген жолдағы
"7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
19 қарашадағы N 1608
P971608_
қаулысында (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 464-бап):
3-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын, "9"
деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi