Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттарында жалпы курстық мылтық ату спорты бойынша жоғары бiлiктi жаттықтырушылар мен биатлон және бессайыс бойынша спортшы - жаттықтырушылар даярлау жөнiнде оқу процесiн ұйымдастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасындағы жекелеген қару түрiнiң айналымының ережелерi" деген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-к қосымшамен толықтырылсын: " 19-к қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттары үшiн оқпен атылатын қарулар мен оқ-дәрiлердiң тиесiлiк ТАБЕЛI 1. Оқ атудан 1-курста есеп алынатын жалпы курс: (шұғылданатындардың саны - 200 адам): а) 5,6 мм калибрлi 6 мылтық (ТОЗ - 12); б) 5,6 мм калибрлi 4 мылтық (ТОЗ - 8); Бiр шұғылданушыға бiр жылға арналған оқ-дәрi - 550 дана; 2. Биатлоншылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы, түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы: 5,6 мм калибрлi 11 винтовка (БИ 7-2); Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер: 1-шi жылы - 4,5 мың дана; 2-шi жылы - 6 мың дана; 3-шi жылы - 13,5 мың дана; 4-шi жылы - 15 мың дана. 3. Бессайысшылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы, түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы: а) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (Марголин жүйесi); б) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (МЦУ жүйесi); в) 5,6 мм калибрлi бiр спорттық винтовка (БИ 7-2). Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер: 1-шi жылы - 5 мың дана; 2-шi жылы - 6 мың дана; 3-шi жылы - 10 мың дана; 4-шi жылы - 10мың дана. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.