Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жолаушылар көлiгi мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы

      Жолаушылар көлiгi саласында нарықтық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Тендерде жеңiп шыққан заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келiсiм-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алады". 
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.19.  N 29  қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi