Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Испат Қармет" акционерлiк қоғамының темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауына арналған тарифтері туралы

      Қарағанды көмiр бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, сондай-ақ Темiртау қаласындағы экологиялық ахуалды сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесе отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен "Испат-Қармет" акционерлiк қоғамы үшiн:
      Тобыл станциясы арқылы Ресейге көмiр тасымалдаған кезде 30% мөлшерiнде; <*>
      минералды қалдықтарды (түйiршектелген шлак, көмiр шламы, масақ тозаңы, құрамында темiр бар шлам, металлургиялық шлак, шлак қиыршық тас) тасымалдаған кезде 50% мөлшерiнде темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауға арналған тарифтер бойынша жеңiлдiктер белгiлеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.10 N 655 қаулысымен.
               P980655_
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесе отырып:
      "Испат-Қармет" акционерлiк қоғамының тарифтiк жеңiлдiктер берiлген өнiмдi тиеп-жөнелтiлетiн көлемдерiне тоқсан сайын бақылау жасауды;
      берiлiп отырған жеңiлдiктердiң Қарағанды көмiрiнiң ресей нарығындағы бәсекелестiк қабiлетiне әсер етуiне талдау жасауды қамтамасыз етсiн және талдаудың нәтижелерi бойынша оларды өзгерту немесе күшiн жою туралы өз ұсыныстарын енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.