Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау
мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен
көтерме сатуды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1195
P971195_
қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,
N 34, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн
өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь
өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың
тәртiбi мен шарттары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сауда алаңдары мен залдарын пайдалануды көздемейтiн тауар
қоймаларынан жүргiзiлетiн сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ
кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру
мақсатында көлемi шектелместен еркiн тиеп-жөнелту алкогольдi
өнiмдердi (сырадан басқа) көтерме сату болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 40-1 тармақпен толықтырылсын"
"40-1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) сақтауға және көтерме
сатуға лицензиялар 40-тармақта көзделген талаптардан басқа:
шығындары және салықтар мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi
бойынша мемлекеттiң алдында берешегi болмаған;
сауда-делдалдық қызмет саласында кемiнде бiр жыл жұмыс
тәжiрибесi болған кезде берiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi