Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту және Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануын
тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы
етедi:
1. Ұялы байланысты пайдалану құқығы министрлiктердiң, мемлекеттiк
комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн
орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттiк органдардың
басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдар
департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң басшыларына;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiрiншi көмекшiсiне, Қазақстан
Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Хатшылығының жетекшiсiне,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Баспасөз қызметiнiң
жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң көмекшiсiне,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерiне
және олардың орынбасарларына берiлсiн.
<*>
Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.11.10. N 1143 қаулысымен.
P981143_
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар мен басқа да
мемлекеттiк органдар ұялы телефондардың санын осы қаулыға
сәйкестендiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған
шығыстарды осы қаулыда белгiленген ұялы байланысты пайдаланудың
тәртiбiн ескере отырып қарастырсын;
мемлекеттiк органдар аппаратын ұстауға арналған қаражаттың
жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi