Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы

      Астана қаласындағы құрылысты қаржыландыру проблемасын жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - Банк) салымға Банктің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасымен 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомада несие ресурстарын беруі шартымен қазынашылық органдарының шотынан 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомадағы уақытша бос ақшаны заңдарда белгіленген тәртіппен орналастыратыны назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ақшаны сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және Банк салым бойынша міндеттемелерді (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті орналастырылған ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етсін. 4. <*> Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. N 943 қаулысымен. P010943_ 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.