"Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26
маусымдағы N 608
P980608_
қаулысының 4-тармағын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) орындау үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері қоса беріліп
отырған тізбеге сәйкес күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 27 қазандағы
N 1087 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін акцизделетін тауарларға
және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747
P961747_
қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53,
516-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 қаңтардағы
N 41 қаулысы.
3. "Акцизделетін тауарлардың импортына арналған акциз ставкалары және
жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы акциздер
салуға жатпайтын акцизделетін тауарларды алып өту нормалар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907
P970907_
қаулысының 1, 2, 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,
N 23, 209-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389
қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997
жылғы 12 маусымдағы N 960
P970960_
қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж. , N 26, 236-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 18
маусымдағы N 985
p970985_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997
ж., N 28, 247-құжат).
6. "Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімдері өндірісін
дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997
жылғы 18 шілдедегі N 1137 қаулысының
P971137_
3-тармағы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 302-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N
1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы
24 қарашадағы N 1644
P971644_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 51, 471-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N
1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы
13 ақпандағы N 108
P980108_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 4, 29-құжат).