Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 180-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереженің 33-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин мен дизель отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай мөлшерде белгіленеді: бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін 4000 теңге; дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 1000 теңге. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен дизель отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай мөлшерде белгіленеді: бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) бойынша - бір метрлік тонна үшін 10 000 теңге; дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 8000 теңге". 2. Осы қаулы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.