Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

      Мұнай-газ секторында капиталды шоғырландыру және басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақтың төртінші абзацындағы "көмірсутектерін барлау мен өндіру жөніндегі шетел қатысатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулыға "Мемлекеттік қатысу үлесі "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамына берілетін көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі ұйымдардың тізбесі деген 1-қосымшада:
      атауындағы "көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚазТрансОйл" ЖАҚ" 100".
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті осы қаулыны іске асыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.