Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 228-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 
17 қарашадағы     
N 1164 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

       Басшылық
      Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
      Табиғи монополияларды реттеу департаменті
      Монополияларға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау департаменті
      Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.