Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде: 
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі. 
      Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де өткізілген болып есептеледі".
      2. Таратылатын "Павлодартрактор" ААҚ-ның конкурстық басқарушысына зауыттың мүлкін бір қатысушы жағдайында голландтық әдіс бойынша сатуға рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.