Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жекелеген мәселелері

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері" туралы 1998 жылғы 6 қазандағы N 1007 қаулысына   сәйкес мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі таратылатын Комитеттің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың және 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен .
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 26 ақпандағы N 151  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 7, 45-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі