Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Мемлекеттің бастамашылығы бойынша банкрот деп танылған таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау және сату жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759  қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) қазақша мәтіні дұрыс; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде: 
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "2-1) уәкілетті органның таратылатын ұйымның мүлкін сатудың жоспарын бекітуі"; 
      10-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөз "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      13-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      15-тармақта: 
      бірінші абзацтағы "бастапқы" деген сөзден кейін "(және сауда-саттықтың голландиялық әдісі кезінде ең төменгі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Төлеуді кейінге қалдырып сату мүмкіндігі кредиторлар комитетінің келісімі бойынша сату жоспарына кіргізіледі" деген сөздер алынып тасталсын; 
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Ұйымдардың мүлкін (активтерін) сату кезіндегі бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының отыз процентінен кем болмайды, ал кейінге қалдыру кезеңі үш айдан аспауы тиіс"; 
      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "24. Сауда-саттық өтпеген деп танылған жағдайда сатушы кредиторлар комитетінің келісім бойынша сату жоспарына өзгеріс енгізуге құқылы. Өзгеріс сатылатын лоттардың өзгеше құрылымын және/немесе өзгеше бастапқы (ең төменгі) бағаны қамтуы мүмкін; 
      25. Аукциондар олардың өткізілетіндігі туралы көпшілік хабарланған күннен бастап он күнтізбелік күннен бұрын өткізілмеуі тиіс".
      37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "37. Сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама сауда-саттықтарды өткізуден кемінде 10 күн бұрын ресми басылымдарда қазақ және/немесе орыс тілдерінде жариялануы тиіс".
     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.