Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері

     Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986  Жарлығын  орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін. 
      2. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің "Қазпатент" және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құрудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 48, 449-құжат) күші жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

                               Қазақстан Республикасы
                                     Үкіметінің 1998 жылғы
                                       15 желтоқсандағы
                                        N 1287 қаулысымен
                                               бекітілген

        Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және
     реформалар жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың 
                           Тізбесі 

      Әкімшілік-шаруашылық басқармасы (заңды тұлға құқығында) 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.