Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
     Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:     

Тұрсымбаев Балташ       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Молдабайұлы               орынбасары, төраға     

Нұрқиянов Төлеухан      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мұратханұлы               шаруашылығы министрі     

Еркін Қыдыр             - "Егемен Қазақстан" газеті бас редакторының
                          орынбасары     

Тодорова Наталья        - "Қазахстанская правда" газетінің бөлім
Владимировна              меңгерушісі     

Асқаров Ерік            - "Елорда" мемлекеттік баспасының бас
Мұхамед-Хафизұлы          редакторы     

Тұрғынбеков Серік       - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын

     Александр Сергеевич Павлов, Мерей Құрманұлы Уәйісов, Николай Афанасьевич Власов, Еркін Ермекұлы Дүрімбетов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев, Шахайдар Жорабекұлы Тұрсынқұлов көрсетілген құрамнан шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.