Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтік қорының қаражатын
пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997
жылғы 22 сәуірдегі N 620
P970620_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 139-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік
қорының қаражатын пайдаланудың тәртібінде:
2-тармақтың бірінші абзацы "тосын жағдайларды" деген сөздерден кейін
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен белгіленетін өзге де ерекше
жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.