Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


      Еңбек жарақатының немесе кәсіби ауруының салдарынан Қазақстан Республикасында 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын азаматтар тұрақты тұруға қоныс аударатын әлемнің кейбір елдерінде Қазақстан Республикасының дипломаттық және консулдық өкілдіктері болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.15. N 245
               қаулысымен. P990245_
      2. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен, Ұлттық Банкпен және Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша 1999 жылдың бірінші тоқсанында Шетелге 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек жарақатының немесе кәсіби ауруының салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тәртібінің жаңа жобасын әзірлесін және ұсынсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Орынбекова Д.К. Кобдалиева Н.М.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.