Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар
туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4073
U984073_
Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы
21 қарашадағы N 1636
P971636_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 50, 466-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
7-тармақта:
оныншы абзац "мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын басқа да
ұйымдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік қызметшілерден басқа" деген
сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзац "мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын басқа да
ұйымдардың" деген сөздерден кейін "мемлекеттік қызметшілерден басқа" деген
сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.