Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

      Маңғыстау өнеркәсіптік кешенінің экономикалық жай-күйін тұрақтандыру, Маңғышлақ атом энергия комбинатының тыныс-тіршілігін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. "Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау

 

жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылдың 6 ақпандағы N 83 қаулысына мынадай өзгеріс

енгізілсін:

     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Отандық электр энергиясын өндірушілерді қолдау мақсатында Батыс

Қазақстанда электр берілісі желілері бойынша электр энергиясының

транзитіне тариф шамасы, қосымшаға сәйкес, нөлге тең болып белгіленсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                           1998 жылғы 31 желтоқсандағы

                                                N 1386 қаулысына

                                                    қосымша


          Электр энергиясының транзитіне нөлдік тариф

           белгіленетін электр берілісі желілерінің

                         Тізімі


     1. 220 кВ ЭБЖ Орал КС - Оң жағалау КС;

     2. 220 кВ ЭБЖ Оң жағалау КС - Индер КС;

     3. 220 кВ ЭБЖ Индер КС - Атырау КС;

     4. 220 кВ ЭБЖ Атырау 220 КС - Құлсары КС;

     5. 220 кВ ЭБЖ Құлсары КС - Теңіз КС;

     6. 220 кВ ЭБЖ Теңіз КС - Бейнеу КС (2 тізбекті);

     7. 220 кВ ЭБЖ Бейнеу КС - МАЭК (2 тізбекті).


     Оқығандар:

  Орынбекова Д.К.

  Кобдалиева Н.М.    





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.