Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін құру туралы" 1998 жылғы 14
желтоқсандағы N 4173
U984173_
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ және ережемен құрылым күшін жойды - ҚР Үкіметінің
1999.03.26. N 304 қаулысымен.
P990304_
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі
қызметкерлерінің штат саны 23 адам болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігінің төрағасына бір орынбасары, сондай-ақ 5 адам санында алқа
болуға рұқсат етілсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі
үшін 2 қызметтік жеңіл автокөлік лимиті белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте
орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржының есебінен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін қаржыландыруды
қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі департаменті туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 16
қыркүйектегі N 903
P980903_
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 33, 293-құжат) күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.