Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Кеңес басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Кеңес басшысының орынбасары";
      2) "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)";
     3) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.