Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігін Астана қаласына орналастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігін (бұдан әрі - Министрлік) 1999 жылғы 1 шілдеге дейін Астана қаласына орналастыру жүзеге асырылсын.
      2. Министрлік Астана қаласына орналасқаннан кейін Министрліктің Алматы қаласындағы өкілдігі ашылсын.
      3. Министрліктің қызметкерлеріне басқа жерге (Астана қаласына) ауысуы кезінде Астана қаласына орналасқан мемлекеттік органдар орталық аппараттарының қызметкерлері үшін заңдарда көзделген кепілдіктер мен өтемақылар қолданылады деп белгіленсін.
      3-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің көшірілетін қызметкерлерінің нормативі штат санының белгіленген лимитінің отыз процентінде (56 адам) белгіленсін. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 822 қаулысымен .
      4. Көрсетілген төлемдер Министрліктің басқару аппаратын ұстауға 1999 жылға арналған шығыстардың шегінде ағымдағы ұстауға арналған шығыстарды қысқартудың есебінен жүзеге асырылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.