Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Астана-Сити" объектілері кешені бірінші кезеңінің құрылысын бастау туралы

      Мемлекеттің жаңа астанасы ретінде Астана қаласын одан әрі дамыту, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту, мемлекеттік емес инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана Сити" объектілері кешенінің бірінші кезеңі құрылысының жобасы инвестициялық және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылы Астана қаласын дамыту туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысында көзделген "Астана қаласының объектілерін дамытудың" жиынтық жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемдардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын ретінде бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер берудің лимиті шегінде шетелдік несие берушімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру туралы тиісті шарт жасассын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жоба бойынша мердігердің пайдасына жазылған "Ақмола қоры" жабық акционерлік қоғамының вексельдерінде жалпы сомасы 8 (сегіз) миллион АҚШ долларына авалдар қоюы арқылы (promissory note) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепілдігінің берілуін растасын.
      2) "Ақмола қоры" жабық акционерлік қоғамына аталған вексельдерді өтеу мерзімін кемінде 2 жыл етіп белгілеуді ұсынсын және вексельдердің номиналының сомасы мен іс жүзінде алынатын қаражаттың арасындағы айырмашылық сыйақысының төленетін ставкасынан есептелген жылдық 12 проценттік мөлшерден аспауы тиіс деп белгілесін.
      3) "Ақмола қоры" жабық акционерлік қоғамымен және Астана қаласы арнайы экономикалық аймағының әкімшілік кеңесімен олардың аталған мемлекеттік кепілдікті беруге байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасассын. Жасалатын келісімде Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің көрсетілген сыртқы мемлекеттік емес заемды өтеуге арналған қаражатты Астана қаласы арнайы экономикалық аймағының 2001 жылға арналған қаржылық қорына (бюджетіне) енгізу туралы міндеттемесін көздесін.

 

     3.



     Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.14. N      

              819 қаулысымен. 


P010819_



     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа

жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Омарбекова А.Т.     





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.