Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен
алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына
P980840_
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 30, 266-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) атауындағы және мәтініндегі "(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)"
деген сөздер алынып тасталсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Кіріс министрлігіне жүктелсін";
3) көрсетілген қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасының
базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен
алымдардың ставкалары туралы ережеде:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін
алым, базарда орналастырылған сауда нүктелерінің санына қарамастан,
ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрі (бұдан әрі - базар алаңы)
үшін күн сайын төленеді. Алымның ставкасы базар алаңының бір шаршы
метрі есебімен белгіленеді. Төлеушінің қалауы бойынша алымақы 1 күннен
30 күнге дейінгі мерзімге төленуі мүмкін. Бұл орайда алымның сомасы
күндердің санына бара-бар ұлғайтылады.";
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары мынадай
редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды
сату құқығы үшін алымның ставкалары
әр күн үшін базар алаңының
бір шаршы метрі есебімен
теңгемен
____________________________________________________________________
|Базардың | Базардың санаты |
|мамандануы | |
|___________________|________________________________________________|
| | I | II | III |
|___________________|__________________|______________|______________|
|Азық-түлік | 24 | 20 | 16 |
|___________________|__________________|______________|______________|
|Заттар | 20 | 18 | 14 |
|___________________|__________________|______________|______________|
|Автомобиль | 16 | 14 | 12 |
|___________________|__________________|______________|______________|
|Мал және жем-шөп | 14 | 12 | 10 |
|___________________|__________________|______________|______________|
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.