Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Құбыр желісі көлігін дамыту жөніндегі жекелеген мәселелер

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мұнай өндіруші компаниялар әзірлеген экспорттық құбыр желісі жүйелерінің жобаларын зерделеу мен дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591
               қаулысымен. P010591_
      2. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша):
      а) Атырау-Самара мұнай желісінің өткізу қабілетін жылына 15 тоннаға дейін арттырудың жобасын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етсін;
      б) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының шарттарына сәйкес Каспий арқылы өтетін мұнайгаз желілерінің және онымен қабаттастырылған көлік жүйелерінің ТЭН-ін әзірлеуді жүзеге асырсын;
      в) Қазақстан-Түркменстан-Иран мұнай құбырының жобасы бойынша қажетті техникалық-экономикалық зерттеу жүргізсін.
      3. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы"

 

жабық акционерлік қоғамы Қарашығанақ өнімінің Қарашығанақ мұнайгаз

конденсаты кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің 7.2-бөлімнің

шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Өкілетті Органы - "Қазақойл"

ұлттық мұнайгаз компаниясы жүргізетін Каспий Құбыр желісі Консорциумының

жүйесіне қосылуы жөніндегі мәселелерді талқылауға қатыссын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.