Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясының жекелеген мәселелері

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мыналар: 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектері, сондай- ақ мемлекеттік бюджет алдында кез келген басқа да берешегі бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару нысанасына сот органдарына өтініш жасауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады; 
      мемлекеттік бюджет алдында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелердің шартында жүзеге асырылатын берешектері бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару мақсатында сот органдарына өтініш жасайды деп белгіленсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағында көзделген ережені әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.