Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы

      "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Мына құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үйлестіру кеңесі құрылсын:
      Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрi, төраға;
      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары;
      Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, хатшы;
      Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Шәмшiдинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;
      Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi;
      Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Әшитов Батыржан Зайырқанұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары;
      Өскембаев Қожамұрат Бейiсұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;
      Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
      Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;
      Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының 
Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi;
      Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 166  қаулысымен , 2001.07.12. N 952  қаулысымен , 2002.04.03. N 397   қаулысымен , 2003.10.10. N 1045   қаулысымен .
     2. <*>
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі