Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

        "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 P990657_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет;";
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      10-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жұмылдыру дайындығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылық;". 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Орынбекова Д. Кобдалиева Н.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.