Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасын одан әрі іске асыру туралы

       Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiндегi мемлекеттiк емес сыртқы заемның желiсi бойынша Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiндегi мемлекеттiк емес сыртқы заемның есебiнен инвестицияланады және қаржыландырылады деп белгiленсiн.
      2. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына:
      1) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi арасындағы 1996 жылғы 18 шiлдедегi Заем туралы келiсiм (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) бойынша (бұдан әрi - Заем туралы келiсiм) бұрын тартылған заем жөнiнде қарыз алушы болу;
      2) осы қаулыдан туындайтын тиiстi келiсiмдердiң ресiмделуiн жүргiзу ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Заем туралы келiсiм бойынша бұрын тартылған заемды жаңа қарыз алушыға - "Қазақойл" ұлттық мүнайгаз компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына қайта ресiмдеудiң рәсiмін жүзеге асырсын;
      2) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген лимиттiң шегiнде, жалпы сомасы 109 000 000 (жүз тоғыз миллион) АҚШ долларындық Заем туралы келiсiмге сәйкес бұрын тартылған заем жөнiнде кепiлдiк шартын ресiмдеудi жүргiзсiн.
      4. Жобаның іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

 

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.     





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.