Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк авиациялық регистрi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мемавиарегистр) таратылсын.
      Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Мемавиарегистрдi таратуды жүргізсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациялық регистрi", "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық- презентация орталығы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 234 P990234_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 67-құжат):
      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттiк мекемесiн" қайта ұйымдастыру туралы";
      1-тармақта:
      "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздер "мемлелеттiк мекеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      "кәсіпорындар" деген сөз "кәсіпорын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оларға" деген сөз "оған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:
      магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру";
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "кәсіпорындардың" деген сөз "кәсіпорынның" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі