Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері бекітетін Жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегін өтеудің ережесі шеңберінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, жинақталған кредиторлық берешекті өтеу бөлігінде, жергілікті бюджеттердің толық атқарылуы үшін жағдайларды қамтамасыз етудің қажеттігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 175-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібінде: 2-тармақ "кіріс бөлігінен" деген сөздерден кейін "олармен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ "күннің қорытындылары бойынша" деген сөздерден кейін "107101 "Берешектің түсуі" коды бойынша кірістерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Икебаева А.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.