Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын
мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережені әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы
22 желтоқсандағы N 1314
P981314_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 48, 440-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк
мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын
Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгімен келiсетiн болсын";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты
есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ереженi әзiрлеу
жөнiндегі нұсқаулықта:
2-тармақта:
"олардың көлемiн көрсете отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
"қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша есеп
айырысу принциптерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-бөлiммен және 7-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi
7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының
көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi. ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.