Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы

      Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру, өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Республикалық деңгейде мыналар аталып өтiледi деп белгiленсiн:
      жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi, республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан қызметтiң түрлi саласындағы жекелеген ұйымдардың құрылған жылдықтары;
      рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.
      2. 1) облыстардың, қалалардың, қызметтің түрлi саласындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген ұйымдардың мерейтойлары жүз жылдығында және одан әрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi;
      2) жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.
      3) республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлық және атаулы

 

күндердi мерекелеу Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде

жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің

              2000.01.25. N 124 қаулысымен. 


P000124_
 


     3. "Мерейтойларды өткiзу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы"

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 7 маусымдағы

N 465 


P930465_
 

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1993 ж., N 22,

276-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.