Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы

      Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкiлеттік берiлген орган болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына 1-қосымшаға тиiстi өзгерiстермен бiрге Үкiмет шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 1-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
               1999.11.20. N 1756 қаулысымен. P991756_
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 892 P990892_ қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты уәкілеттік берілген орган болып табылады". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.