Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Батыс Қазақстан облысының кейбір мәселелері туралы

      Батыс Қазақстан облысында тұқымдық қарызды уақытында қайтаруға әсер ететiн күтпеген жағдайлардың пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамына Батыс Қазақстан облысы депутаттарының облыстық маслихатының облыстың 2000 жылға арналған бюджетiне тұқымдық қарызға қызмет көрсетуге және оны өтеуге ақша енгiзуi шартымен, "1999 жылдың егiс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкiмi алған тұқымдық қарызды өтеудiң мерзiмiн 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейiн ұзарту ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Шағын кәсiпкерлiктi

 

дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы Батыс Қазақстан облысы

депутаттарының облыстық маслихатының жоғарыда аталған шешiмi болған

жағдайда "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлiк

қоғамына несиенi қайтаруды 2000 жылдың 15 желтоқсанына дейiн ұзарту туралы

тиiстi келiсiм жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.