Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орындалған жұмыс
көлемі үшін пайда болған берешектерін өтеу мақсатында және "Бюджет жүйесі
туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының
24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы
етеді:
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334
P981334_
қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық
қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік
шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасы
бойынша "837552" деген сан "1009552" деген санмен ауыстырылсын;
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық
қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік
шығыстар бағдарламасының 2 "Аумақтық органның аппараты" кіші бағдарламасы
бойынша "4585983" деген сан "4413983" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.