Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
P990592_
қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережедегі:
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр
Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады:
1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;
3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері;
4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары;
5) бас инспекторлары.
Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы
заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.