Қ. Мұңайтпасов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық
мектеп-интернаттың Астана қаласына қоныс аударуына байланысты Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. №"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334
P981334_
қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІҮ "Шығыстар" бөлімінде:
4 "Білім беру" функционалдық тобындағы 2 "Бастауыш және орта білім
беру" кіші функциясындағы 224 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесіндегі 31 "Дарынды
балаларды мемлекеттік қолдау" бағдарламасында:
36 "Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат" кіші бағдарламасындағы "71151" деген сан
"62287" деген санмен ауыстырылсын;
"К.Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат" кіші бағдарламасындағы "58131" деген сан
"66995" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.