Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы туралы

      Астана қаласында тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қала әкiмi - "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген, жергiлiктi атқарушы органдардың жиынтық қарыз алу лимитi шегiнде 150 (бiр жүз елу) млн. теңге көлемiндегі қаржылық қаражатты заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй құрылысына Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органының қарызға алуы туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567  қаулысымен. P010567
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi екi апта мерзiмде аймақтық инвестициялық бағдарламаны экономикалық сараптауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бекiтуге ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) берiлетiн заемның шарттарын қаржылық сараптауды жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттiк борышты басқару шегiнде заемды тіркеудi бақылауды және заемды алудың, өтеудiң және қызмет көрсетудiң мониторингін қамтамасыз етсiн.
      4. Астана қаласының әкiмi:
      1) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын;
      2) заемға қызмет көрсетудi және өтеудi жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567  қаулысымен. P010567
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.