Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы мен оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 p990358_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 114-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы мен оны төлеудің тәртібі туралы ережеде: 3-тармақтағы "1 проценті" деген сөздер "0 проценті" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.