Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29 қаңтардағы  Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) екi айлық мерзiмде жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы нұсқаманың үлгiлiк нысанын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      2) бiр айлық мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылаумен айналысатын бөлiмшелердi күшейте отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жөнiндегі мемлекеттiк органның штат санын қайта бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) 2003 жылдан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласында тұрақты жұмыс iстейтiн кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастырсын.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Заңды iске асыру бойынша, оның iшiнде штат санының бекiтілген лимиттерi шегiнде жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкі бақылау жөнiндегі уәкілетті органдарды анықтау бөлiгінде шаралар қабылдасын және 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне атқарылуы туралы баяндасын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

       Премьер-Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.