Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2010 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасында қоршаған орта министрлерінің Еуропа және Азия конференцияларын өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

      Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің "Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы           Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Брагин                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич      қорғау министрлігі Халықаралық
                           экологиялық конвенциялар және келісімдер
                           департаментінің директоры, хатшы

Әшім                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы        ортаны қорғау министрі

Бөлтіріков               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Руслан Ескендірұлы         қорғау вице-министрі

Байжүнісов               - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы               вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы           даму және сауда вице-министрі

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы            министрінің орынбасары

Толыбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы             шаруашылығы вице-министрі

Ырсалиев                 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы             вице-министрі

Оразов                   - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы           ақпарат вице-министрі

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрі
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен, ҚР Премьер-Министрінің 2011.08.31 N 118-ө Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің "Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.