Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 628 қаулысымен.

      "Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры" деген жол алып тасталсын;

      "Активтерді оңалту және басқару компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      Премьер-Министр А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.