Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 184 өкімін іске асыру және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана өткізуді;".

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарының ұзақтығын барынша қысқартып, оларды тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана өткізуді;";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарда:

      1-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметінде ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу Регламентке қатаң сәйкес белгіленген күндері және еңбек заңнамасы міндетті түрде сақталып, ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.".

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Орталық және жергілікті атқарушы органдарда екі және одан да көп орталық мемлекеттік орган қатысатын ККО кеңестері мен отырыстарын өткізу ұзақтығы барынша қысқартылып, тек жұмыс уақытында (сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ғана жүзеге асырылады.".

      Премьер-Министр А. Мамин
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.