Толықтыру
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

      "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)".

      Премьер-Министр А. Мамин